Бокстан ҚР федерациясының Кубогы

212
ОҚО-Жамбыл

Алғашқы сынақтан- ақ сүріндік. Еліміздің бокс федерациясы кезекті рет кубок үшін сайыс ұйымдастырды. Шымкенттіктер алғашқы кездесуін Тараздың былғары қолғап шеберлерімен өткізген болатын.  Шет алаңда жеңіске жету оңай болмасы анық еді. Алайда, Таразға жалғыз мақсатпен жол тарқан едік.  Жоспар орындала қоймады. Алаң қожайындары басымдылық танытып, 6-4 есебімен жеңіске жетті.

Алғашқы кездесуде шымкенттіктер жеңіліп қалса, екінші болып шыққан жерлесіміз Нұрғазы Жүсіпов  таразы басын теңестірді. Алмасбек Әлібековтің де жолы болды.

Енді келесі жолы Тараздың  құрама командасы шымкентке келеді. Өз жерімізде  боксшыларымыз басымдылық танытады деп сенеміз.