Қызыл кітапқа енген 50 дуадақ құсы Әбу-Дабиден туған мекені Бетпақ дала жазығына оралды. Бұл ұшуды Дуадақтарды қорғау халықаралық қоры мен аң аулау шаруашылығының қызметкерлері ұйымдастырып отыр. Жабайы тұқымдастарының қатарын көбейту мақсатында меншікті мекеніне жіберілген дуадақтар елге әуе рейсімен жеткізілген. Екі апта бойына торда отырған құстар жабайы табиғаттың жағдайына үйреніп, адамдардан біршама алшақтап қалған. Енді олардың салмағы өлшеніп, құрылғылардың жұмысы тексерілуде.
Әрбір құсқа екі арнайы таратқыш тағылған. Оның бірі 4 метр бойынша қашықтықтағы дуадақтың қай жерде жүргенін көрсетсе, бірі оның дауысын есітуге және құстың өз жабайы тұқымдастарын тапқанын анықтайды. Бұл торда өсірілген дуадақтың табиғатқа қалай бейімделетін және уақытын сонымен қатар қыстайтын жолды табуын білуге септігін тигізеді. Міне, тордағы құстардың алғашқы легі де белгіленген жерге жеткізілді. Осыдан күн бұрын мұнда жабайы дуадақтар әкелінген болатын. Мамандар құстар бір-бірінің жұбын жазбай табады деген үмтте. Дуадақтарды қорғау халықаралық қорының бас директоры Мохаммед Салех Аль Байдани алғаш рет дуадақты 10 жылдан аса уақыт бұрын біздің елімізден көргенін айтады.
Бұл таңқаралық өте керемет, әрі ғажап құс. Оған құс дуадақ біздің елдің тарихымен байлансты. Мың жылдан аса уақыт бұрын арабтар негізі қорығы ретінде осы құсты аулаған. Енді біз табиғат тамашасын өз иесіне қайтару үшін барамызды саламыз. Біздің фон әр елдегі дуадақтарды қорғау үшін жұмыс жасайды.
Міне тарихи оқиға. Құстар көптен күткен еркіндікке самғау үшін алғашқы қадамдарын жасауда. Мұндай тәжірбие тұңғыш рет Маңғыстау облысында жүргізілген болатын. Қызыл кітапқа енген құстар туған мекені Бетпақ дала жазығына жіберілді. Олардың әрқайысы арнайы таратқышпен жабдықталған. 2005-2006 жылдары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі елімен өзара келісімімен жабайы дуадақтың ұясынан жұмыртқасы алынған болатын. Инкубациядан кейін құстарды Біріккен Араб Әмірлігінің Орнитологиялық тәлімбағына жеткізілді. Енді 50 құс туған елге оралды.