Еліміздің үздік парашютшілері Шымкентте шеберлік танытты

194
Ауа райына қарамастан көкке көтерілді

Еліміздің епті деген экстрималдары Шымкентің аэродромын өзіне бағындырды. Парашютпен секіру спорт түрінен Қазақстан Чемпионаты оңтүстікте осымен үшінші жыл қатарынан өтіп отыр.

Епті экстрималдардың арасынан Қапшағайдың спортшылары үздік танылды. Ал Өскемендіктен екінші орыннан көрінсе, қоладан алқа Оралдан келген қонақтарға бұйырды. Алаң қожайындары, оңтүстіктің парашютшілері төртінші орынды қанағат етті. Спорттың бұл түрінен заманауи база және ауа райының қолайлы болуы  Республикалық турнирдің бізде өтуіне басты себептердің бірі.

Парашютизм қазақ жерінде қарқынды дамып келеді. Сол себепті де жарыстарды ұйымдастыру да қолға алынып, алдағы уақытта жиі өтіп тұратын болады. 2012 жылдың сәуір айында «Дельта-ЮГ» аэродромында жастар арасындағы ел Чемпионатын да өткізу жоспарланып отыр. Аталған додаға спортшылармен қатар әуесқой экстрималдар да қатысуға мүмкіндік алады. Ал олардың шеберлігін әр бір шымкенттік тамашалауға мүмкіндік алады.