Жаңалықтар 

Локомотивтер байқаудан өтіп жатыр

Арыс қаласы тоғыз жолдың торабында орналасқан. Осы қала арқылы Мәскеу, Алматы, Ташкент бағыттары бойынша барлық пойыз өтеді. Күні-түні тоқтаусыз жүретін пойыздар арқылы жүктер мен жолаушылар алыс қашықтыққа тасымалданады. Тасымалдау ісінде алдымен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтау мен жүктің аман-есен жеткізілуі маңызды.
Сол себепті болар, теміржол көлігі: локомотивтер мен вагондарды жылына екі рет күрделі техникалық байқаудан өткізіп, тексеріп тұрады.

Арыс “Локомотив” пайдалану депосы “Арыс-Сарыағаш-Арыс”, “Арыс-Түлкібас-Арыс” телімдері бойынша қызмет етеді. Оған қоса, Шымкенттегі пайдалану депосы да осы Арыс қаласындағы “Локомотив” пайдалану депосына тікелей бағынады. Ол “Шымкент-Жамбыл” бағыты бойынша жұмыс жасайды. Қазіргі таңда аталмыш депоға қарасты 117 локомотив паркі бар. Онда барлығы 1002 азамат жұмыс істейді. Арыс телімінде 402 білікті машинист болса, олардың 376 көмекшісі тағы бар.
Қазір депоға тиесілі парктердің барлығы жаппай күзгі техникалық байқаудан өтіп жатыр. Бұл қысқа дайындық. Себебі, локомотивтер қаһарлы қыс ауасына сақадай сай тұруы керек. Сонда барып, жұмыс қозғалысы тоқтамайды. Бүгінгі күнге дейін 71,5 локомотив- электровоз тексеруден өтіп үлгеріпті. Оның 12-сі Арыс қаласына тиесілі болса, 18-і Шымкент торабының еншісінде екен. Ал “Жетісай-Мақтарал-Арыс” телімі бойынша 5 локомотив бригадасы қызу жұмыс жүргізуде.

Техникалық байқау көктем және күз мезгілдерінде өтеді. Онда әрбір локомотивтер жіті тексеріліп, майлары ауыстырылады. Сапар барысында поезд жүргізушілеріне кедергі тумас үшін, осы тексеруде бригадалар аянбай еңбек етеді. Айтпақшы, бір электровозды толық техникалық байқаудан өткізіп, пайдалануға беру үшін 5-6 адам екі ауысымда жұмыс істейді екен. Көктемде өткен байқау барысында Арыс “Локомотив” пайдалану депосы республика бойынша жүлделі екінші орынды жеңіп алыпты. “Бұл теміржол саласында жұмыс жасап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өз жауапкершілігін сезіне білген біздің ұжымның жемісі”-деген ұжым бастығы Қалдыхан Өтегенов, осындай нәтижелі жұмыс қорытындысын осы мезгілдеде көрсететіндіктеріне бек сенімді. Өйткені, қыркүйек айының 10-жұлдызында бастау алып, қазан айының соңында өз мәресіне жететін техникалық байқау барысында жоспар бойынша жүйелі жұмыс қорытындысын беріп отырған көрінеді.

Айтпақшы, дәл осы депоға су жаңа екі локомотив әкелініпті. Заман талабына сай жабдықталған электровоз өзіміздің елде жасалған екен. Онда теміржол көлігінің жүргізушісі мен оның көмекшісіне ыңғайлы жағдай ескерілген. Осы салада 23 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан, машинист Талғат Омаровтың қуанышында шек жоқ. Ол жаңа кабинасымен біздерді таныстырып шықты.

Біз арнайы барған депоның бүгінгі тыныс-тіршілігі осындай. Тоқтаусыз жүріп жатқан жұмысына қарап, қызығасыз. Қауіпсіздікі қатаң қадағалайтын ұжымның жұмысына одан әрі кедергі келтіргіміз келмеді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz