//
Жаңалықтар 

“Оңтүстік Рабатты” не үшін оқимын?

Кешегі аптада өткен мерзімді басылымдарға жазылушылар күнінде редакция қызметкерлеріне келіп, басылым жайлы өз ойларын ортаға салып жатқан оқырмандар қатары көп болды.

Олар әсіресе, газет бетінен қызықты ақпараттарды көп оқитындықтарын, қажетті телефон анықтамасы үшін алатындықтарын жасырмады. Сонымен бірге,  “Әйел әлемі”, ” Артық болмас білгенің…”, “Ұлттық құндылықтар”, “Туған жерді танисың ба?” атты айдарлармен берілетін  мақалаларды қызыға оқитындықтарын жеткізді.

Оқырман өз таңдауын жасай отырып, газет бетінен алдағы кезде әдеби, тарихи шығармаларды жиі көргісі келетіндіктерін айтты.

“Жұлдызнамаға” қарап алдағы күнге болжам жасайтындар да жоқ емес екен.

Айтпақшы, газетке жазылу индексі – 66729.  Басылымға жазылуды ұмытпағайсыз!

Біз Сіз үшін жаздық, Сіз де жазылыңыз!

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

2 пікір - "“Оңтүстік Рабатты” не үшін оқимын?"

Маған хабар беру:
777
Іріктеу::   соңғыларын | алғашқыларын | танымалдарын

Әріптестер, оқырман көп болсын! Шымкентте шындықты айтатын газет аз ғой. Соның бірі әрі бірегейі болыңыздар. Кейде шындықты өсекпен шатастырып алатындар бар. соларды көріп ұяласың. Шымкент десең өзімізге тиеді. Бірақ халық ақ қарасын ажыратып жариялады деген басылымдарымыз сары түске айналып бара жатыр. “Оңтүстік Рабат” жұртқа үлгі болар газетке айналсын!!!

Рахмет, Илок! Оқырман үмітін ақтауға тырысамыз

wpDiscuz