«Южный Казахстан» газетіне – 90 жыл

462
"Южный Казахстан" газеті

14 мамыр күні «Южный Казахстан» саяси-қоғамдық газетінің алғашқы нөмірінің жарық көргеніне 90 жыл толады. Мерейтой құрметіне орай редакция ұжымы атқарған жұмыстарын саралап жатыр. Басылымның тілшілері облыс орталығындағы талай оқиғаны, жаңалықты, келелі мәселелерге мен оңды істерді еске салады. Бұл газет өңірмен бірге дамуға қадам басқан.

"Южный Казахстан" газетінің ұжымы
«Южный Казахстан» газетінің ұжымы

 

«Южный Казахстан» газетінің ұжымы басылымның әр санын шығару үшін тыңғылықты дайындалады. Дәл осындай қарқынмен 90 жылды артта қалдыры.

Марина Лимаренко 7 жылдан бері басылымды басқарып келеді. Редактордың айтуынша, газеттің басты жетістігі – оқырмандарының артуы.

Марина Лимаренко, «Южный Казахстан» газетінің бас редакторы: «Газетті, үлкен ұжымды басқару маған үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бірақ мен шаршадым немесе жалықтым дей алмаймын. Себебі, мен өмірімді газетпен ғана елестетемін. Таңданатыны сол – газеттің алғашқы нөмірінің редакторы да әйел адамы болған. Ал бүгінде ғасырға жуық уақытты бастан өткерген басылым елмен бірге, Қазақ журналистикасымен бірге талай қиын кезеңді артта қалдырды. Бірақ, газет оқырмандары үшін қызметін тоқтатқан жоқ, керісінше ізденіп, тың жаңалықтарымен көпті дер кезінде сусындатып келеді».

Басылым бейбіт өмір мен қоғамның көрінісін және ширек ғасырдың естелігін жазып, жаңғыртып келеді. Алыстағы ауыл-аймақтарды да ұмыт қалдырмайды.

Іс-сапармен аудан-қаланы аралап кететін тілшілер де баршылық. Солардың бірі – Оксана Алексеева. Тәжірибелі тілші өзінің әрбір сапарын оқырманға жеткізіп, қызықты жәйттерді бөлісуде алдына жан салмайды.

Оксана Алексеева, «Южный Казахстан» газетінің тілшісі: «Мен шетелдерде көп саяхаттаймын. Бірақ біздің елге, оның ішінде Оңтүстік өңірінің табиғатына ештеңе жетпейді. Бір айта кетерлігі – облысымызда дұрыс инфрақұрылымдар мен жайлы демалыс орындары жетіспейді».

"Южный Казахстан" газеті
«Южный Казахстан» газеті

«Смычка», «Правда степи», «Правда Южного Казахстана» және «Южный Казахстан». Бүгінде бұл тек басылымның атауы ғана емес, білікті жорналшылардың редакциясы, оқырманның таңдауы. Елдің келелі мәселелері мен облыстағы оңды істерді жұртшылыққа жеткізетін басылым. Ұжым 90 жылдық торқалы тойын оқырмандарымен бірге атап өтуды жоспарлап отыр.