//
Жаңалықтар 

Оңтүстікте Қазақстан ұлттық киносының күндері өтуде

Оңтүстікте Қазақстан ұлттық киносының күндері басталды. Ол ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Бұл туралы “Оңтүстік” баспасөз клубында өткен басқосуда елімізге танымал кино саңлақтары мәлім етті. Олар Ұлттық кино күндерін өңірімізде өткізу үшін Оңтүстікке әдейі ат басын тірепті. Мәдениет министрлігі, облыс әкімдіктері және Қазақстан халықтары ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылған шара аясында Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ-ның “Балалық шағымның аспаны”,”Кешіккен махаббат”, “Секер”, “Әурелен”, “Сардар”, “Сталинге сыйлық” көркем фильмдері және “Жебе” кинокомпаниясы мен Қазақфильмнің бірікке туындысы “Айгүл” атты анимациялық фильмі көрсетіледі. Ұлттық кино күндерін өткізуге келген киноактерлар мен кинорежиссерлар Қазақтан киносының болашағы мен бүгінгі ахуалын да сөз етті.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz