«Шал» Шымкентке келді

Шал кино туындысы

Шал кино туындысыХалықтың арасында кеңінен тараған Ермек Тұрсыновтың  «Шал» кинотуындысы шаһарымызда көрсетілді. Қалың жұртшылықтың  назарына ұсынылған киноны, шымкенттіктерге бір жылдан аса уақыттан соң көрсету қолға алыныпты.

Көрсетілім соңы ашық сұрақ алаңына айналды. Шығармашылық топ Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-нің студенттерімен кездесіп, көкейіндегі сұрақтарына жауап берді. «Шал» туындысы екі жақты тұрғыдан талқыға түсті.

Айтпақшы, «Келін», » Шал» туындыларын жасаған режиссер Ермек Тұрсынов жаңа туындының түсірілім жұмыстарын бастап кетіпті. Енді ол  «Кемпір» деген кино түсірмекші екен.  Кино әлемінде өзіндік орны бар режиссер көрермендерін «Немерелерін қуаған кемпір» туындысымен қуантпақ.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=guDweqQnXfY[/youtube]