//
Спорт 

Оралдың “Ақжайық” командасы Шымкенттен үш ұпай ала кетті

Шымкенттің жасыл алаңында бірінші лиганың қос командасы үш ұпайға таласты. Ал трибуна бос. 20-30 шақты жанкүйер ғана “Қыран-Ақжайық” ойынын тамашалауға ниет білдіріпті. Олардың өздері ойынға риза емес екенін алға тартады.

Сүйерқұл,жанкүйер:”Ойын жоқ, екі команданың футболшылары да жүгірмейді. Ойын жоқ. Біз, әйтеуір, жанкүйер болған соң келе береміз ғой. Жастарды шығарып ойнатса болады.”

Ал қыранның бас бапкері Қанат Мұсатаев өзге пікірді алға тартуда. Команда құрамында жастар көп.

Қанат Мұсатаев, “Қыран” ФК бас бапкері-“Жастар көп. Бүгін де алаңға тек жастар шықты. Тіптен, қақпаға да 1993 жылы дүниеге келген жас ойыншыны қойдым. Әрине, қателіктер жоқ емес. Жұмыс жасаймыз.”

Бапкерлер де тыным таппай, шәкірттеріне кеңес беруге тырысуда. Алайда бұл күні шымкенттіктердің жолы болмай ақ қойды. Екінші таим бастала салысымен қырандықтардың қақпасына доп соғылды. Көп ұзамай сербиялық легионер есепті еселей түсті. Келесі ойын да Шымкентте өтеді. Қыран Ақтөбемен кездеседі.

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz