Қарағандылықтар бірінші орынға таласқан команданың бірі. Сол себепті, Шымкенттен олар үш ұпайсыз қайтпауы тиіс болатын. Бірақ, мұндай мүмкіндікке жерлестеріміз жол бере қоймады. Бұрыштата көтерілген доп та сәтсіз болды. Шымкенттіктер де үш ұпай алсақ деген ниетте. Ал доп қақпаға соғылар емес. Жасыл алаңға Бабатунда Коллинс шыққалы шымкенттіктердің шабуылы күшейе түсті. Алайда ,оның да шабуылы нәтижесіз болды.
Виктор Кумыков- «Шахтер» футбол командасының бас бапкері
«Бүгінгі ойынды өзім де түсінбедім. Жеңіске жете алмағынымызға өзіміз кінәліміз. Риза емеспін, және төрт бірдей ойыншыны құрамаға шақырғанына түсінбедім. Олар қандай ойын көрсетеді дисіз.»
Ордабасылықтар 25 ұпайымен алтыншы орыннан көтеріле қойған жоқ. Ал кубок үшін талас қарашаның үші күні Тараздың құрамасымен өтеді.
Виктор Пасулько — «Ордабасы» ФК бас бапкері
«Әріптесімнің пікірімен келісемін. Алайда біздің басты мақсатымыз ел кубогі үшін сайыста жеңіске жету. Бүгінде барлық күш сол бағытта жұмсалып отыр.»