Рухани астанамыз да қала күнін атап өтті

Түркістанның 1500 жыл­дық мерейтойының аталып өткеніне де 11 жыл. Қасиетті қала қазақ халқының мақ­­танышы, барша түркі халықтарына ортақ қара шаңырақ. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын Түркістандықтар толағай табыспен қарсы алғалы отыр. Бүгінде де Түркістанның мерейі биіктеп, мол жетістіктерге жетуде.

Түркістан қаласы қазақ хандығының ең бірінші астанасы. Қала күні мерекесі – қызылды-жасылды әшекей, ән, күй, би жарысы ғана емес, өткенге есеп беру. Бұл жөнінен Түркіс­тан­да көңіл марқайтатын жұмыстар жүріп жатыр. Қаланың жалпы кісірісінің 34 пайызын ауыл шаруашылығы өнімдері береді екен. Биылғы жылы мұнда төрт түлік басы артып, ет, сүт өнімдері артығымен алыныпты.

Жайма шуақ күні салттанатты түрде боксшы Әбсалам Нұрмахановтың құрметіне ескерткіш орнатылып, воллейболшы Октябрь Жарылқапов есімі берілген балалар стадионы жаңартылған. Мемлекеттік бюджеттен 50 орынды бала-бақша мен 16 пәтерлік көпқабатты үй салынып, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларына берілді.

“Қала күні” мерекесіне орай «Есімхан” алаңында ме­рекелік концерт ұйымдастырылды. Мейрамда «салтанат «мемлекеттік би ансамблі өнерімен көрерменді тәнті етті. Мерекеде озық еңбегімен көзге түс­кен тұлғалар құрметті азамат атағымен мара­патталып, бағалы сыйлық­тарға ие болды.
Әрі қарай “Қала күні” мерекесі кешкі жастар сейіліне ұласты.