Жаңалықтар 

Шымкентті шын сүйетіндер анықталды

Шымкент қалалық әкімдігі “Нұр Отан” ХДП шымкент филиалы мен ОҚО “Азаматтық Альянсы” заңды тұлғалар қауымдастығы ұйымдастырған “Шымкент менің сүйікті қалам” атты 4 айлық акциясы қорытындыланды. Нәтижесінде, ұйымдастыру алқасына келіп түскен 93 өтінішке сәйкес, арнайы құрылған комиссия мүшелері “Үздік көше” , “Үздік аула”, “Үздік үй” ,”Үздік аудан” номинацияларының жеңімпаздарын анықтады.

Үздік көше аталымы бойынша, бірінші орында “Айқап” шағын ауданындағы Рамазан көшесі. Үздік аула бойынша 17 шағын аудандағы №7а үй ауласы, Үздік үй номинациясы Әл Фараби көшесіндегі №99 үй, Үздік аудан аталымында Әл Фараби ауданы озық деп танылды.

Жеңімпаздарға алғыс хат пен демалыс орындарына жолдама табыс етілді.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz