Ауызсу мен техникалық суды үнемді пайдалану — заман талабы. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і 2010-2012 жылдарға арналған орта мерзімдік инвестициялық міндеттерді өз деңгейінде орындауда. Жоспар кезең- кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Нүриддин ЖАРБОЛОВ, «Су ресурстары -Маркетинг» ЖШС-і бас директорының орынбасары:
Ол тұрғындардың суды тұтыну көлеміне қарай сарапталған тарфитерге көшу арқылы жүзеге асуда.
Сондай-ақ, шығындарды болдырмаудың, суды тиімді пайдалануда есеп құралдарының үлесі мол дейді мамандар. Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов суды бірнеше рет қайта пайдалану мәселесіне аса көңіл бөлу қажеттігіне тоқталды.
Нұрлан Алдабергенов, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы:
Мәселен көліктерді жуу орындарын алайық. Олар пайдаланған суды тазартып қайта пайдалануға болады. Бүкіләлем суды үнемдеуге көшкен.Суды қайта пайдалану бойынша түрлі озық технологиялар пайдалануда. Тағы бір ескертетін жәйт. Суды үнемдеген аз төлейді, оны тиімсіз пайдаланғандар шығынға бататыны анық.
Бүгінде тұтынушының пәтерінде не коммерциялық нысанда орнатылған су есептегіш құралдары жалпы пайдаланған судың мөлшерін көрсетеді. Ендігі қадам судың пайдадалану уақытын анықтайтын құрылғыларымен қамтамассыз ету. Бүгінде 400 абоненткте соңғы үлгідегі есептегіш құралдары орнатылған. Бұл шараны толық жүзеге асыру 2013 жылдың еншісінде.