Спорт 

Жаңа спорт ордасында алғашқы турнирдің жалауы көтерілді

Бокстан ұйымдастырылып отырған халықаралық жарыс Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Сәуірбай Есжановтың жүлдесіне арналып отыр. Бұл жолы жасөспірімдер ринг төрінде ептілігін байқайтын болады.

Өскелең ұрпақтың ептілігін байқауға ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов та арнайы келіпті. Осымен 7-ші жыл қатарынан өткізіліп отырған турнирге 10 команда жиналған. Олардың арасында Қырғызстан мен Өзбекстанның былғары қолғап шеберлері де бар.

Бұл дода боксшылар үшін биік шыңға жетудегі алғашқы саты деуге болады. Өйткені, осы турнирде тәжірибе жинақтаған жерлестеріміз Олимпиаданы да бағындырған. Жарыс сенбі күнге дейін жалғасатын болады. Чемпиондар анықталып, Сәуірбай Есжановтың жүлдесіне ие болады.

Related posts