Жаңалықтар 

Жаңа тамограф келді

Соматом. Жаңа тамографтың маркасы осы атауға ие. Әлемдегі айтулы әмбебап құрылғы енді облыс тұрғындарының денсаулығын бақылауда. Үлкен көмекші болмақ. Оның ерекшелігі сол, ағза мүшелерін жекелеп тексеріп, ми бөлігін де зерттей алады. Дәрігерлер, әсіресе сүйек құрылымдарын қиындықсыз зерттейтін болдық деп қуануда.
Сәулелік әдіспен адам ағзасының ішкі мүшелерін компьютер арқылы бақылап, нақты диагноз қою осы құрылғының көмегімен жасалатын болады. Радиациялық толқындардан тікелей қорғалған. Кез-келген науқасты тексеріп, клиникалық зерттеулерді жүргізу дәрігерлердің жұмысын жеңілдететін болды. Тағы бір ерекшелігі құрылғы үздіксіз 24 сағат бойына қызмет атқарады.
Аппаратқа түсем дегендерге есік ашық. Құны ҚР ДСМ бекіткен баға бойынша 8900 теңге. Ал жеңілдіктер мүгедек жандарға, ҰОС ардагерлеріне, 18 жасқа дейінгі балаларға және ауыр түрде жеткізілген науқастарға қарастырылған, яғни оларға тегін. ОКА-да бұл екінші тамограф. Алғашқысы магнитті резонансты. Ол дәрігердің нұсқауы бойынша зерттеулерді қажет ететін болса, мына түрі кез-келген пациент үшін толыққанды қызмет көрсетеді. Бұл құрылғылар бірін-бірі толықтырып тұрады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz