Оқыс оқиға 

Қара жамылған отбасы ашық сотты асыға күтеді

Марқұм Динара Атаджанованың анасы қызының қайтып келмейтініне сенгісі де келмейді. Әрдайым көңілді болып жүретін Динара жаттығудан қайта оралмаған.

Лала Юнусова, марқұмның анасы:
— Күнделікті таңертеңгі асын ішіп, сумкасын жинады да, есікке жақындап тұрып, «Мама, сау бол!»деді. Сол сөзі жүрегімді дір еткізген еді. Адамдарда аяушылық сезімі қалмапты. асыға келе жатқан жедел жәрдем көлігіне ешқандай жүргізуші жол бергісі келмеген. Қайта мен сол жердем жәрдемнен бұрын келдім.Бір сәт ойлаңызшы, менің қызымның орнында сіздің балаңыз болған да не істер едіңіз.

Жол үстінде қаза болған қыздың өліміне себепкер жүргізуші тәртіп сақшысы болып шықты. Апат кезінде өрімдей жас қыз бақилыққа аттанды. Қас қағымда қаракөз қызды қағып кеткен қаскөй қазір қамауда. Тәртіп сақшысының салғырттығын енді заң қатаң түрде саралайтын болады. Өйткені ол ауыр оқиға кезінде, тоқтауды да ойламаған. Қайта жүрісін күшейтіп, оқиға орнынан қаша жөнелген.

Бүгінде балауыздай қызынан айрылған отбасына көңіл айту үшін туыстары көптеп келіп жатыр. Қайғы жамылған байғұс әкей кінәліге ешқандай ашулы емес. Тек отбасы мүшелері ашық сот болағанын қалайды.

Акмал Атажанов,марқұмның атасы:
— Ашық сот болсын. Бүкіл ел оған қандай шешім қабылдағанын көрсін. Мен оны еркек деп айта алмас едім, қанға малынған қызымды тастап, қашып кеткені үшін жазасын Алла берсін деп тілеймін.

Атажановтардың отбасында жалғыс бес жасар Диана ғана қалды. Ол әпкесінің не үшін қайтып келмей жатқанын түсінбейді, әлі. Күніге бауырын іздеп, анасын сұрақ астына алуда.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz