Жаңалықтар 

Жылудың жайын кала әкімі түсіндіріп бақты

Биылғы жылу маусымындағы күрделіліктер. Маусымның басталуы неліктен кеш басталды? Жылу берілген үйлерде неліктен осы күнге дейін жылу мардымсыз. Неге электр жарығы жиі өшірілуде. Табиғи газбен қамтамассыз етудегі туындаған проблемалар. Қазандықтардың істен шығуына не себеп болған. Бұл мәселелер қала әкімінің БАҚ өкілдерімен өткізген баспасөз мәслихатында әңгіме арқауы болды. Әкімнің мәліметіне жүгінсек, қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің 85 пайызы жылумен қамтамассыз етілген.Алайда жүйеде ақаулардың орын алып жатқанын жасырмады. Жылу маусымы Шымкентте басталды дегеннен бастап электр жарығынан шектеулер орын алып, жарық жиі өшіріле бастайды. Былтыр да солай болған, биыл да осы жағдай қайталануда.Оның себептерін…

Read More
Жаңалықтар 

Жол билеттерінің құны қалтаны қағып тұр

Оңтүстікте әзірге ұшақ билеттерінің құны өзгеріссіз. Әрбір әуе тасымалдаушы компанияларда тариф біркелкі. Алматыға 14 600 ал, Астанаға 23 600 теңге көлемінде. Ал қаңтардың бірінен бастап темір жол билетінің құны көтеріледі деген жаңалық оңтүстік жұртын тағы бір тығырыққа тірейтін сияқты. Бұрынғыдай ел аралап, жер шарлауды енді екінің бірінің қалтасы көтере бермейді. Ал Астанадан ат арытып келген азаматтар билет таппай әуре. Олар тек бір аптадан кейін қайтуға мүмкіндік алды. Қымбат болса да Шымкентте жол жүру билетін алу өте қиын дейді астаналық қонақ. Вокзал басшылығы тарифке байланысты өзгерістер туралы түсінік беруден бас тартты….

Read More
Жаңалықтар 

Диабетке шалдыққан балаларға базарлық

14-қараша Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні. Осыған сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық эндокринологиялық диспансерінде арнайы айлық өткізілуде. Бүгін диспансерде ем қабылдап жатқан науқас балғындарға арналып емдеу мекемесі таңертеңгілік өткізді. Көңілді ырғақты ән мен би, қызылды-жасылды киінген сайқымазақтар аурумен арпалысқан балалардың көңілін бір серпілтіп тастады. Диспансердің бас дәрігерінің орынбасары Ғалия Батырханованың мәлімдеуінше, емдеу мекемесінде 20 бала қант  диабетіне қарсы ем алып жатқан көрінеді. Жалпы ОҚО Эндокринологиялық диспансері 115 адамға шақталған. «Бұл індетке шалдыққан біздің облысымызда  27 мың  науқас тіркелген. Соның ішінде 100-і балалр. Қант диабеті — жазылмайтын ауру. Сондықтан науқасқа қашанда…

Read More
Оқыс оқиға 

ОҚО-да жергілікті әкімдікке жарылғыш зат қойған

Арыс қаласының әкімдігі ғимаратына бомба қойылды деген дабылдың жалған екені анықталды. Кеше кешкісін ТЖ департаментінің жеке құрамы, оның ішінде 14 маман мен 2 арнайы техника осындай хабарлама түсе салысымен шұғыл іздестіру шарасын үйымдастырды. Ведомствоның атап өтуінше, кеше кешкі сағат 21:07-де «102» пультіне Арыс қаласы әкімдігінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат түскен. Арнайы жүргізілген шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ.Қазір Жалған хабарлама берген адам іздестірілуде.

Read More
Жаңалықтар 

Кітаптардың орнын электронды басылымдар басады

«Кітап және отбасы» атты 4 ші аймақтық форум аясында отбасы өміріндегі кітаптың рөлі атты ғылыми практикалық конференция өтті. Мақсат — кітаптың отбасыдағы мәртебесін көтеру. Ғаламтор демекші, арнайы шақырылған қонақ дәл осы электронды кітап жұмысымен таныстырды. Мәскеулік профессордың айтуынша, қазіргі кітаптар енді тарихта қалған папирустай мұражайдан ғана орын алады дейді. Бүгіннің өзінде АҚШ та сатылым жағынан электронды кітаптар кәдуілгі басылымдарды басып озған. Мұндай өзгеріс ресей елінде де байқалыпты. Кітапхана маманының айтуынша Қазақстанда электронды кітаптардың қолданыс аясы 2012 жылы кеңеймек. Вадим Степанов, Мәскеулік профессор: Кітапханашы жәй ғана кітап таратып қана қоймайды.Оның ролі…

Read More

Шахрух Кхан Отандық филімге түспек

Алматы қаласында жаңа фильм жарыққа шықпақ. «Махаббатым мәңгілік» деп аталатын фильімге жас актер: Абду Самат Сұлтан, Әсел Садвақасова, сонымен бірге елімізге белгілі Гүлнәр Досматовамен Бақтияр Қожа мен Ресейден арнайы келген актерлар Сергей Зверев түседі деп жоспарлануда. Желісі махаббат тақырыбына арналған фильімге Үндістаннан атақты жұлдыз Метхун Шакроботи келуі мүмкін екен. Алайда әзірге киноның режисерлары жайында ешнәрсе айтылмауда. Ал алғашқы көрсетілім келесі жылдың қаңтар айына белгіленіпті.

Read More