электр жарығынсыз жаңылғандар Жаңалықтар 

Шымкенттіктерді жол кептелісі шаршатты

Шымкентіктердің қалалық электр энергиясын беретін салаға өкпесі қара қазандай. Себебі, күн суи бастағалы жарық жиі өшетін болды. Өз кезегінде қаладағы бағдаршамдар істен шығуынан, жол-көлік оқиғасы да жиілеп кеткен. Шымкенттік жүргізушілер жол тығынын реттеуі тиіс жол полициясы тарапынан да тиісті жұмыстардың жасалмағанын айтады. Бұл Шымкентте жарық сөнгендегі жолдың көрінісі. Сәрсенбі күні кешкісін қаладағы көптеген аудандарда жарық өшірілгеніне байланысты шахардың біраз жерінде бағдаршам сөніп, көлік кептелісі көптеп орын алған еді. Бағдаршамның істен шыққаны жол апаттарының бірден көбейюі себеп болды. Ал, ресми жол полициясына Шымкентте тек 1 ғана жол апаты тіркеліпті. Ал, жол…

Read More
Халық жаңалығы 

Әл-Фараби атындағы мұражай ашылады

Желтоқсан айының 16-нан бастап Отырар ауданындағы жергілікті музей Әбу Насыр әл-Фараби атындағы мұражайға айналады. Мұндай ақпарды таяуда Отырар ауданында болған «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» тойына келген қонақтарға жергілікті әкімдік мәлім етті. Әбу Насыр әл-Фараби атындағы мұражайда негізінен ғалымның жазып қалдырған жазбалары мен трактаттары сонымен қатар, әл-Фараби заманындағы археологиялық һәм этнографиялық құнды дүниелер жайғастырылуда. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы күнінде тұсауын кеспек мұражайда сондай-ақ, пәлсапашының қорымынан әкелінген топырақ та бар. Жалпы, Отырар өңірінен Әбу Насыр әл-Фарабиден бөлек 30-дан аса Фарабилер бар. Игі істің барысымен танысқан құрметті қонақтардың бірі, белгілі ақиық ақын Мұхтар Шахановтың сөзінше,…

Read More

Еркін Арыс өз тындармандарын жаңалығымен қуантты

Арыс қаласының тумасы жас әнші Еркін Арыстың экраннан көрінбей қалғанына біраз уақыт болды. Мен бұл уақыт аралығында шығармашылық ізденісте болдым. Ел ордамыз Астана қаласында жұмыстар жасап өнерімнің шындалуына атсалыстым дейді әнші. Еркін алғаш рет тындарман қауымға «Әлия» атты әнімен танылған болатын. Міне содан бастап әншінің репертуары бірнеше әнмен және бірнеше бейне клиптермен толықты. Ең бастысы әнші жаңа жылдан кейін жеке шығармашылық кешіне өткізуге атсалыспақ. Жақында Еркіннің орындауында «Ғажайып елес» деп аталатын жаңа бейне клипін жарыққа шығарды. Бұл әнді маған досым сыйлады. Бір тындағаннан бұл туынды менің көңілімнен шықты дейді ол….

Read More

«Әжелер» 25 жаста

Халықтар достығы үйінде «Сәлем» ұлттық этнографиялық әжелер ансамблі тұрғындарға шығармашылық концертін ұсынды.Көрерменннің көзайымына айналған, сахна сырына сыралғы болып қалған әжелер де іркілмеді, именіп жасқаншақтамады. Сахна төріне көтерілген әжелер Ақан серінің «Қараторғайы», халық әндері «Бір бала», «Ауылың сенің іргелі» әндерін хормен тамылжытты. Ал,ансамбль құрылғаннан бері концертмейстері болып жүрген Қымбат апа әжелерді баянмен сүйемелдеп, олардың әр әннің иірімдері мен нақыштарына тереңірек бойлауына әсем әуендік жағдай туғызды. Қоғамдық бірлестіктің төрайымы Күмісай Оразованың айтуынша, «Сәлем» ансамблі 1986 жылы дүниеге келіпті. Биыл ел тәуелсіздігінің 20 жылдық торқалы тойы қарсаңында әжелер өздерінің 25 жылдығын атап өтті….

Read More

Әнші Самат пен Назгүл жаңа бейне клип түсірді

«Сенің анаң алтын, менің анам алтын», «балапан бақыт» сынды әндері бүгінде өнер сүйер қауымның жүрегіне жол таба білген дуэт Самат пен Назгүлдің жақында «Ғашық жүрек» атты әндеріне түсірілген бейне клип жарыққа шықты. Бұл туындыны біз ұзақ жылдар бойы концерттік кештермен тойларда орындап жүрген болатынбыз. Алайда соңғы кездері неге осы әндеріңізге бейне клип түсірмейсіздер деген ұсыныстар көптеп түсіп кетті. Сонымен ойлана келе жаңа бейне клипті түсіруді шештік. Ал жалпы туынды көңілімізден шықты. Алайда ендігі бағасын көрермен береді дейді әнші Самат. Қазір дуэт концерттік кештеріне дайындық үстінде.

Read More

Өміріңізді енді аннуитеттік компания сақтайды

Бұдан былай еңбек өндірісі кезінде жазатайым жағдайдан кез келген компания сақтандыра алмайды. Енді бұл іспен тек аннуитетті мекемелер ғана айналысады. Қазақстанда мұндай 7 компания бар. Бірақ оның тек біреуі ғана мемлекеттік мекеме болып саналады. Енді осы компания ғана жаңа жылдан бастап жазатайым жағдайдан сақтандыратын болады. Сейсен Мырзатаев,»Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы АҚ ОҚОФ директоры: «Жаңа заң бойынша, еңбеккердің бұрынғыдай жазатайым жағдайдан қаншалықты зардап шеккенін дәлелдеп жатуының қажеті жоқ. 1 қаңтардан бастап өтемақы айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді. Ол жұмысшының еңбекке жарамсыздық дәрежесі бойынша есептелінеді». Жаңа ереженің тағы бір ерекшелігі,…

Read More