Жаңалықтар 

Қорғаcын зауытын қала сыртына көшіру 2013 жылы жүзеге аспақ

Бұл мәселе үкімет деңгейінде қаралып жатыр. Бірақ зауыттың қала сыртына көшіру шешілген мәселе. Алайда ол тек 2013 жылы жүзеге аспақ. Мұндай мәлімдемені ОҚО-ның өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының  бөлім бастығы Хикматулла Райымбеков жасады. Қазір Елбасының тапсырмасына сәйкес зауытты көшіру жоспары дайындалуда. Үкімет облыс әкімшілігі дайындаған материалды қарап жақын арада шешім шығарады. Жобамен оның болашақта орналасатын орны, дайындығы келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда дейді Х.Райымбеков. Шымкенттік қорғаcын зауыты 1934 жылы ашылған болатын. Жыл өткен сайын қаланың өсуімен аталған нысан қаланың нақ ортасында қалып қойды.

Read More
Жаңалықтар 

3 ауылды жалғайтын көпір пайдалануға берілді

ОҚО автомобиль жолдары мен көпірлер құрылысы үшін қомақты қаржы бөлінген болатын. Жоспарланған 315 нысанның 304-де құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес атқарылуда. Қалған 11 нысан келесі жылдың еншісіне өтпек. Күні кеше Сайрам ауданындағы гофроболаттан жасалған көпір ашылса, Қазығұрт ауданында облыстық маңызы бар автожол пайдалануға берілді. Қарабұлақ, Көмешбұлақ, Ақсукент ауылы тұрғындарын қуанышқа бөлеген бұл көпір су тасқыны салдарынан апатты жағдайда болған. 2010 жылы дамбаны шаю салдарынан темір бетон құбыры шайылып кеткен. Осыны ескерген билік гофроболатты құбыр жасаған. Ол темір бетонға қарағанда 2-3 есе арзан және ұзақ мерзімге шыдамды, ең бастысы құрылыс мерзімі…

Read More
Жаңалықтар 

Шымкентте ағылшын тәсілімен жер телімі саудаланды

Аукцион арқылы жер телімін саудалау 2006 жылы басталып дүниежүзілік дағдарыс кезінде сұраныстың жоқтығынан тоқтап қалған болатын. Шымкент қалалық жер қатынастары бөлімі биылға алғашқы аукционды өткізді. Нәтежесінде саудаға қойылған 28 лоттан бюджетке 30 млн. теңгеге жуық қаражат түсетін болды. Жыл соңында  өткен  алғашқы саудаға қойылған 28 лоттың 27 Асар шағын ауданында. Содан да болар жер телімінің бәрін «Ақ Орда» корпарациясы саудалап алды. Аукционға қатысу үшін алуға ниеттенген әр лотқа 50 589 тенге  кепілдеме төлеген әрбір азамат саудаға қатысуға құқылы. 1 млн. теңгеге сатылған жалғыз жер телімі «Нұрсат» шағын ауданында. Бұл жердің…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстіктің ең үздік мұғалімі Кентаудан

Алматыда өтетін республикалық байқауда оңтүстіктің намысын Ақмарал Көбекова қорғайтын болады. Облысымыздың ең үздік мұғалімі- Кентау қаласының биология пәнінің ұстазы. Ал бірінші орын Шымкенттік № 65 мектеп гимназиясының мұғалімі Ақсымбат Үсенованың еншісінде. Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында ұстаздардың кәсіби деңгейін, әдістемелік жаңа технологияларды игеруін бағалау және шығармашылық әлеуетіне қолдау көрсету мақсатында «Жылдың ең үздік мұғалімі» байқауы болып өтті. Жомарт Мыңбаев, Отырар ауданының ұстазы: — Шығармашылық тақырыбым-«Биоинформатика технологиясы негізінде оқушылардың өзіне деген сенімін, білімін, ізденісін дамыту деп аталыд. Яғни, оқушылардың өз бетінше ізденуі, білімін жетілдіруіне сыныпта, психологиялық ахуалдың…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстіктен Мәжіліс депутаттығынан үміткер 5 азамат партия тізімінде

Саясат сахнасында қызу талқыға түсіп отырған тақырып Парламент Мәжілісіне депутат сайлауы. Бүгін белгілі болғанындай, «Нұр Отан» халықтық-демокраиялық партиясының XIV съезінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Сол тізімде Оңтүстік Қазақстан обылысынан 5 азамат бар. Олар: Ұласбек Сәдібеков — «НұрОтан» ХДП ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Шалатай Мырзахметов — Парламент Мәжілісінің экс-депутаты, Уәлихан Бишімбаев — ОҚМУ-нің ректоры, Нұрдәулет Сәрсенов — Парламент Мәжілісінің экс-депутаты, Бауыржан Жамалов -«Мырзакент -Холдинг» ЖШС-нің бас директоры.

Read More