Жаңалықтар 

Шымкентте жасалған дәрілердің бағасы өзгереді

Шымкент химфарм зауыты қайта жаңғырмақ. Бұл мақсатта бақандай 10 млрд. теңге жұмсалмақшы. Жаңа жоба өндіріс орнының өнімдерінің ассортиментін 100 жаңалықпен толықтырып, кемінде жарты мың адамды жаңа жұмыс орнымен қамтымақ. Бұл жоспар төрт кезеңмен іске асады деп жоспарлануда. Мұның бәрі халықаралық стандарттарға сәйкестену мақсатында қолға алынып отыр. Бұл міндеттерді Шымкенттің химфарм зауыты поляктар келгенге дейін межелеген болатын. Ғылыми мүмкіндік пен қаржы мәселесі қолбайлау болғаны жасырын емес. Енді жоспарлар жүзеге асып жатыр. ОҚО  өндіріс пен кәсіпкерлікті қолдау басқармасының  бөлім бастығы, Хикматулла Раимбеков: «Химфармда өндіріс аумағын кеңейту бағытында жаңа жобалар іске асырылуда. Польфарма…

Read More
Оқыс оқиға 

Тәртіп сақшысы адам қағып кетті

Шымкенттегі Қонаев даңғылында жаға ұстатар жағдай орын алды. Жол үстінде тағы бір адам қаза тапты. Апатқа себепші жүргізуші тәртіп сақшысы болып шықты. Апат кезінже өрімдей жас қыз бақилыққа аттанды. Үрейлі кадрлар көлікте орнатылған видеотіркеушіге жазылған. Жаяу жүргішілер жолағынан өтіп бара жатқан екі адамның бірі ажал құшты қас қағым сәтте. Соққының қатты болғаны соншалық 16 жасар бойжеткенді Ауди көлігі 60 метірге қалпақтай ұшырып түсірген. Аса ауыр дене жарақатын алған жас қызды дәрігерлер құтқара амады. Үрімдей ару қайтыс болды. Ес жимаған күйі. Қаққан жүргізуші қашып кетпек те болған. Бірақ оны оқиғаға куә…

Read More
Жаңалықтар 

Әлем қазақтарының IV құрылтайы оралман студенттердің мәселесін шешуі керек

Шетелдегі отандастарымыз Қазақстанда қаншалықты дәрежеде білім алып жүр? Атажұртым деп аңсап келгендердің өз топырағындағы күйі қандай? Жаңадан қабылданған «Білім туралы» заңға оралмандар мәселесіне байланысты нақты өзгертулер енгізу керек. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде көршілес елдердегі қазақ мәдени орталықтарының жетекшілері мен елдің атқамінерлері осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітті. Елдегі жоғарғы оқу орындарында қазір 26 мыңнан аса қандасымыз дайындық курсында білімін жетілдіріп жүр. Онда кириллицамен танысады, қазақ әдебиетіне баулиды, қысқасы, атажұртқа бейімдеу орталығы іспеттес жүйе. Оралман жастың одан кейінгі білімін әрмен қарай жетілдіру мүмкіндігі тұманды. Бағы жанғаны оқуға түседі, қалғанын қара…

Read More
Спорт 

ОҚО футбол мектебінің шәкірттері Тараздан жүлдемен оралды

Ұлықбектің шәкірттері күннің суықтығына қарамастан жаттығуларын жалғастыруда. Арнайы футбол сыныбында шеберлігін шыңдап жүрген жеткіншектер күніне бір рет дайындалады. Уақыт өте оны да қойып, қаңтарға дейін демалысқа шығамыз дейді бапкер. Ұлықбек Ирисметов, жаттықтырушы: «Біртіндеп балалардың жаттығуларын жеңілдетіп, кейіннен демалысқа шығарамыз. Қаңтар айында қайта жиналып, көктемге дайындықты бастаймыз. Жаңа маусымда жаңа медальдарды жеңіп алу үшін». 11-12 жасар футболшылар жуырда ғана биылғы маусымның соңғы турнирінен оралды. Таразда өткен жарыста облыстық футбол мектебінің шәкірттері бірінші орыннан көрінген.  Ұлықбек Ирисметов, жаттықтырушы: «Тараздағы жарыс Республикалық турнир болатын. 10 команда қатысып, топтың өзінен шығу қиынға соқты. Алайда командам ептілік…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстік Қазақстан Фармацевтикалық Академиясында екі бірдей айтулы оқиға

Оқу кеңесінің кеңейтілген отырысы мен тағамтану орталығы департаменті жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл шараларға құрметті қонақ болып академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төрегелді Шарманов қатысты. Қызыл лента рәсім бойынша қиылды. ЖОО-ның жетекшілігі экскурсияны бастамас бұрын, студенттер мен педагогтарға осы уақытқа дейін бірігіп жеткен жетістік жайында және алдағы атқарар жұмыстарды атап өтті. Басты мақсат бір- ол ОҚ фармацевтикалық академияның болашақта еліміздегі ең үздік білікті оқу ордаларының біріне айналуына ықпал ету. Оңтүстік Қазақстан Фармацевтикалық Академиясының ректоры Бақытжан Сексенбаев:»Біздің алдымызда үлкен жауапркешілікті жұмыстар тұр. Менімше бірігіп атқарсақ, біз медицниалық білім беретін…

Read More
Спорт 

Әйгілі қақпашы Құралбай Ордабаевтің жүлдесі сарапқа салынды

Шымкенттің ең кішкентай футболшылары арасында чемпиондар анықталды. Кеңес одағы кезінде әйгілі қақпашы болып, ел намысын қорғаған Құралбай Ордабаевтің жүлдесіне арналған жарыс биыл да спортшының туып өскен жері Шым қалада  бастауын алған болатын. Екінші жыл қатарынан облысымыздың 8-9 жастағы аяқдопшылары алтын медаль үшін таласқа түсуде. Жүлделі орындар үшін жеткіншектер қарашаның 15-нен бері таласқа түсуде.  Әр ауданда өз чемпиондарын анықтап, ақтық кездесулерде 12 епті деген құрамалар өзара кездесті. Нәтижесінде, шешуші матчта жетісумен шымкенттік футболшылар кездесіп, мықты команданы анықтады. Құралбай Ордабаев, футболдан спорт шебері, қақпашы: «15 жасқа дейінгі балалар арасында олардың ептілігін, дарындылығын…

Read More