Оқыс оқиға 

Күйеуге шыққан Тоғжан арада төрт ай өтпей мүгедек болып қалды

Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Жол апатына тап болған түркістандық келіншек Тоғжан Әбілқасымова заң орындарына өкпелі. Өйткені, осы жылдың наурыз айында ғана күйеуге шыққан Тоғжан арада төрт ай өтпей бірінші топтағы мүгедек болып қалды. Төсек тартып жатып қалған ол қазір басын да көтере алмайды. Дәрігерлер қозғалуға тыйым салыпты. Ал көлік апаты шілде айының он бірі күні болыпты. Түнгі екілер шамасында жол шетіне тоқтап, жолаушыларды отырғызып жатқан жеңіл көлікті басқа бір көлік қатты жылдамдықпен келіп соққан. Оның сөзінше МАИ қызметкерлері жәбір шеккен отбасына болысудың орнына екінші тараптың ісін бүркемелеп,…

Read More
Оқыс оқиға 

Биыл 384 адам жол апатынан қайтыс болған

Облысымызда қауіпсіз жол жүру апталығы басталды. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, биыл ОҚО-нда 1300 жол апаты орын алған. Жолға тәжірибелі тексерушілермен қатар жас көмекшілер де шықты. Жүргізушілер оқушылардың қолынан жолда қауіпсіз жүру туралы жазылған бүктемелер мен парақшаларға ие болды. Жол жүру қозғалысының жас тексерушілеріне автокөлік иелерінің де қабағы оң. Мұндай тәжірибені олар да алдағы уақытта қызметт е қолдануға дайын. Ал жексенбі күні халықаралық жол көлік оқиғасының құрбандарын еске алу күніне орай аспанға қара және ақ шар ұшырылмақ.          

Read More
Жаңалықтар 

Қойылымдар көріңіз

Облыстық Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театры ұжымы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 16-22 ші қараша аралығында Театр апталығын өткізуді жоспарлауда. Апталықтың негізгі мақсаты: көрермендерге ұсынылатын қойылымдар арқылы ел тәуелсіздігі жолында ерен еңбек етіп жандарын қиған батыр бабаларды, елінің ардақты ұлдарын таныту , дәріптеу болып отыр. Пірімбетов Бастарбек, Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрының директоры: Құрметті Оңтүстік өңірінің тұрғындарымен қонақтары! Сіздердің біздің театр ұжымы алдағы қойылымдарға шақырады. Келіңіздер! Көріңіздер! «Театр апталығы» қойылымдарының бағдарламасы: 18 қараша 16.00;19.00сағ.- Е.Тұрысов «Ұлы көш»,тарихи драма 19 қараша,18.30сағ.-И. Сапарбай «Сыған серенадасы «,драма 21 қараша,17.00;19.00сағ.- М.Хасенов «Пай-пай,жас…

Read More
Жаңалықтар 

Кәсіпкерлерге субсидия көп бөлінеді

Әлемде «ғаламдық кәсіпкерлер апталығы» басталды. Ауқымды шара барысында Даму қорының жергілікті филиалы ашық есік өткізді. Жиынға елдегі атаулы бірқатар банктердің, облыс­тық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының, сондай ақ бизнес құрылымдарының өкілдері қатысты. Негізінен күн тәртібінде «Бизнестің жол картасы — 2020» бағ­дарламасының кең мүмкіндіктері талқыланды. Басқосуда нәсіп еткен кәсіпті қолдаудың мемлекеттік іс -шаралары талқы таразысына түсті. Нақтысы, субсидия бөлу мен кепілдеме жасау, біліктілікті арттыру секілді инвестициялық мүмкіндіктер тұздық болды. Кәсіпкерлер тиісті қаржы саласы­ның мамандарының жеке кеңестеріне шөл қандырды. Сонымен кәсіпкерлікке қолдау көрсету жаңа кезеңге аяқ басты. Бұл ретте елдегі екінші деңгейдегі банктер жеке бастамашыларды…

Read More
Жаңалықтар 

Оңтүстікқазақстандықтар жемқорлықтан көш бастап тұр

Шымкентте «Нұр Отан» ХДП-ның ұйымдастыруымен «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы» аймақтық форум өтті. Іс-шара барысында нұротандықтар үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, қоғамдағы өзге де ұйымдармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалысы жөніндегі меморандумға қол қойды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демек, қоғам болып, бірігіп ат салыспасақ, бұл дертті жою мүмкін болмай тұрғанын құқық қорғау органдарынан түскен фактілер дәлелдеуде екенін нұротандықтар жасырмауда.  Ибраһим Иманов, облыс прокурорының орынбасары: «Статистикаға жүгінсек, ағымдағы жылдың 10 айында сыбайлас жемқорлыққа байланысты 285 қылмыс тіркелген, оның 55-і кәсіпкерлердің араласуымен пара алу фактілері. Бұдан бөлек,лауазым иелерімен сеніп тапсырған мемлекеттік мүлікті талан-таражға түсіру…

Read More
Оқыс оқиға 

Екі астыртын ойынхана жабылды

Жыл басынан ОҚО -да 99 ойынханалар жабылып, 753 түрлі ойын автоматтары тәркіленген. Салынған айыппұл 1 млн. 700 мың теңгені құраған . Бүгін тағы екі казино жабылды. Экономика және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің қызметкерлері бұл шаралардың үздіксіз жүргізіліп жатқанын айтады. Жабылған екі ғимарат та қалада орналасқан. Олар Рысқұлов пен Беденеев көшелерінде астыртын жүмыс істеген. Егерде мұндай ойынханалардың жұмыс жасауына мемлекеттік қызметкерлердің қатысы бар болса, онда бұл жөнінде олардың басшылықтарына дер кезінде хабар берілетін болмақ.

Read More