«Үздік» жастар премиясы

Жыл үздіктері еленді. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерекесі қарсаңында жастар арасында үздіктер де анықталды. Қала әкімі Арман Жетпісбаевтың қолынан өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсенді үлес қосқан жастар марапатталды.

Түрлі салада жұмыс жасайтын дарынды жастарға қолдау көрсету, жетістіктерін насихаттау мақсатында өткізілген іс-шарада үміткерлерді іріктеу жөніндегі байқау комиссиясының ұсынысы бойынша 20 жас өз салаларында үздік деп танылды.

«Үздік» жастар премьясымен марапатталғандардың арасында «Отырар»телеарнасының тілшісі де болды. Үздік жастар айдарының редакторы сыйлығының иесі — Сарбиназ Алдабергенова.

Бұл марапат жастардың тыныс-тіршілігін ақпараттық қамтамасыз еткен арна бағдарламаларының жылдар бойғы еңбегінің жемісі деп білеміз.