Қазығұрт ауданы — озат астық өндіруші аудан

401

Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері 2011 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылады.  Жалпы биылғы жыл ауыл шаруашылығы саласы үшін жемісті болды. Соңғы 3 жылда егістік жерлері 93 мың га артты.

Ағымдағы жылдың 10 айында өнімдірілген өнімнің көлемі 187 млрд. теңгені құрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 45 млрд. -қа жоғары. Сонымен қатар елбасының тапрсырмасы да асыра орындалды. Өнім түсімі   ОҚО-да 7,5 пайызға  өсті. «Алтын күз»  мерекесі барысында жоғары көрсеткішке қол жеткізген аудандар мен қалалар және еңбек озаттары марапатталды.

Озат астық өндіруші аудан болып танылған Қазығұрт ауданы алтын медальпен марапатталды. Озат мақсары өндіруші Төлеби ауданы да алтын медаль иегері атанды. Озат мақта өндіруші — Шарадаралықтар, мал басын өсірген және мал шаруашылығын өнімін көп өндірген Ордабасы ауданы.

Асылтұқымды мал басын көбейткен Отырар ауданы да озықтар қатарында. Тамшылатып суару әдісін ендірген аудандар арасында Түркістан қаласы көш бастап тұр. Жылы жай салудан озат аудан- Сарыағаш ауданы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуден озат аудан болып Сайрам ауданы танылды. 5 млрд теңгенің азық-түлік өнімдерін шығарған сайрамдықтар алтын медальге ие болды.