4 адам уланып қаза болды

Оңтүстік-Қазақстан облысы Сайрам ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған өртте үш бала мен 41 жастағы ер адам қаза тапты. Тағы бір баланың денесін күйік шалып ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Тілсіз жау жеке үйдегі тақыр кілемнің бықсуынан шыққан.

Өртті үй иесі бір минуттан кейін-ақ сөндірген. Бірақ жалын шарпыған жерде тұншықтырғыш газбен уланып қайтыс болған, бір мен бес жас арасындағы үш баланың денесі табылған.

Сонымен қатар, өрт болған жерден денесін күйік шалған алты жасар қыз ауруханаға жеткізілді. Мәліметтерге сүйенсек, өртенген жердің аумағы бір шаршы метрді ғана құрайды.