«Отырар» телеарнасының тілшілері біраз жылдан бері суыққа да, күннің шыжыған ыстығына қарамай ОҚО-ғы маңызды оқиғаларды халыққа жеткізіп келеді. Алғашқы жылдары штаттың құрамында не бәрі 10 адам жұмыс жасаған. Алайда экранның сәнін кіргізіп, талғамы жоғары көптің көзайымына айналған тілшілер ақпараттық, ойын-сауық, таңғы және авторлық бағдарламаларды ойдағыдай, уақытында көрерменнің назарына ұсынып отырды.
Валентина Куликова, «Отырар» телекомпаниясының директоры
Мен өмірімді телеарнасыз елестете алмаймын және бұл маған өте қатты үнайды. Біз әлі қаншама жас, талантты, талпынысы күшті жастарға көмек көрсетіп, тәрбиелеуге мүмкіндігіміз бар. Біз халыққа ой салып, жаңалықтардан хабардар етеміз. Соған қуаныштымын. Әрине 19 жылдың ішінде арна толықтай өзгерді. Жетістіктеріміз де көп. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Жыл сайын, күн сайын бір жаңалықты енгізіп, жаңаша еңбек етеміз.
Көп тілшілердің қызметте алғашқы баспалдағы болған, өмірлік үлкен мектеп есігін айқара ашқан арнамыздан қаншама талантты, білікті мамандар түлеп ұшты. Олардың дені қазірде республикалық теларналардың меншікті тілшілері. Атап айтар болсақ, Татьяна Напольская, Любовь Доброта, Бекжігіт Мәулен, Евгений Дробязко, Дина Төлепберген, Марина Низовкина, Илхам Ибрагимов, Виталий Ковалев, Ирина Абрамова, Ирина Ли
Уақыт өте келе ұжым кеңейе түсті, мүмкіндіктер де арта түсті. Бүгінде тілшілердің репортажын ғаламтор желісі арқылы да көруге болады. Жаңалықтарды халыққа тез жеткізу. Сайттың редакторы Марина Низовкина мен Арайлым Бексейітова жұмысын мақтанышпен айта алады. Өйткені тәулігіне біздің интернет порталда 2000-ға жуық пайдаланушылар 7000-дай материалдармен танысуда.
Қазір арнамызда 100-ден аса қызметкер халық игілігі үшін қызмет етеді. Олардың дені республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты. Ал мұнда жастар, талантты мамандар үнемі қолдауға ие. Оның қатарына облысымыздың назарына ілігіп, «Үздік жастар айдары» номинациясының үздігі деп танылған «Жас толқын» бағдарламасының редакторы Сарбиназ Алдабергенованы атаймыз. Қаламын қару еткен тілшілер тек шығармашылық адамдар ғана емес спортшы да. Бұл орайда тәжірибесі мол тілші Шынар Оразова мен бар ісін тындырымды атқаратын маман монтаждаушы Сергей Константиновтың стол теннисін ойнауда шеберлік көрсеткенін мақтанышпен айтуға болады.
Таңның атысынан күннің батысына дейін тек сізбен бірге болатындардың еңбегі ерен. Таң атпастан «Пора вставать» пен «Жаңа күн», таңғы, күндізгі, кешкі жаңалықтар, «Жас толқын» мен «На самом деле», «Аман бол» мен «Медикон», «Топжарған» мен «Шұғыл шақырылым» және басқа да түрді бағдарламалар сіздің назарыңызда күн сайын. Ал «Отырар» телекомпаниясы тілшілерінің ұраны бір: «Біз сіз үшін жұмыс жасаймыз, біз сіздің телеарнаңызбыз!»