Шымткенттегі халықтар достығы үйінде «Ислам дінін насихаттау және экстремизм мен ланкестік әрекеттердің алдын алу» тақырыбында іс шара өтті. Славьяндық діни бірлестігінің төрағасы «Қазақстан-түрлі конфессиялардың мекені. Олардың әрбірінің өзіне тән діни білім қоры бар. Ынтымағы жарасқан елімізге өзге ағымдардың теріс әсері тимесе деген тілегін білдірді. Жиында сөз алғандар Діни сауаттылық арқылы теріс ағымдарға төтеп беруге қажеттігін баса айтты.
Облыстық білім басқармасының бөлім бастығы Асанова Рахияның айтуынша қазіргі таңда қала мектептерінде өзге ағым жетегіне кеткен 6 оқушы бар екен. Олардың отбасы мен туғандары қатаң бақылауға алыныпты.
Бүгінгі басқосуға колледж бен кәсіптік лицейлердің 700-ден астам стурденті мен 60 қа жуық педогог мамандар қатысты.Олар осы тақырып аясындағы арнайы мамандарға көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды. Жалпы қала шеңберіндегі білім ошақтарында мұндай айтуыл кездесулер үнемі болып тұрады екен. Және алдағы уақытта да жастарды дұрыс жолға бағыттап, секта сергелдеңінен сақтайтын іс жаралар жалғасын таппақ.