№9 лицейдің оқушыларының Тәуелсіздік мерекесіне деген тартуы

Патриот ұл-қыздар мақтанышпен еліміздің Әнұранын орындады

Мектеп ұжымы жаппай қатысқан бұл шараға шәкірттер мен ұстаздар қауымы ерекше дайындалыпты. Ән салмаған немесе би билеп, өнер көрсетпегені кемде кем. №9 лицейдің оқушылары Тәуелсіздік мерекесін атап өтуде.

Ал олардың өнеріне тәнті болған көрермендер — ата-аналар. Олар да сабақты үздік оқумен қатар, еліміздің елеулі мерекесін тойлауда ұл-қыздарының белсенділік танытып, көпке ерекше көңіл -күй сыйлағандарына қуанышты. Лицей басшылығы болса, Тәуелсіздік жылдарында оқушылардың жеткен жетістіктерін мақтан тұтады.

Баян Жандосова, лицей директоры:

Біз оқушылардың ең бақытты, Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқандарын сезінсе екен дейміз. Сондықтан да сабақтарын жақсы оқып, үлкендер артқан сенімді ақтаулары тиіс. Бұл жолда оларды тәрбиелеуде ата-аналар да, оқытушылар да тырысатын болады. 

Қаламыздағы үздік білім ордасының бірі саналатын лицейдің мақтанатын тұстары көп. Бақытты елдің білімге талпынған ұрпақтары түрлі байқауларда жеңіске жетіп, ұзтаздық мерейін үстем етуде. Бұл  — Тәуелсіздік жетістіктері.