Жаңалықтар 

Адам ұрлағандар жазасын тартты

Мамандандырылған қылмыстық сотта адам ұрлау бойынша шулы іске қатысты сот процесі аяқталды. Естеріңізге сала кетейік, бұл қылмыс  осы жылы мамыр айында орын алған болатын. Ұрланған 22 жасар жігіт қамауда бақандай елу үш күн отырған.

Тергеу  барысында анықталғандай, адам ұрлауды ұйымдастырған жәбірлеушінің өз жолдастары болып шықты. Бірнеше аптаға созылған сот процесінде жәбіленушінің достары кінәні бір-біріне артып әуре болды.

Елу үш күн бойы қорлау мен басынудың небір сорақысын көрген 22 жасар жігіттің анасынан адам ұрлаушылар 7,5 млн. евро  талап етіп, ауыздарын апандай ашқан. 22 жасар Евгенийді ұрлап, анасын бопсалаған “достарына” сот жазалау үкімін шығарды.

Екеуі 8 және 7 жылды арқаласа, үшінші қылмысқа қатысушыға сот үкімімен 3 жыл көлемінде бас бостандығынан  айыру жазасы тағайындалды.

Адам ұрлау фактісін негізгі ұйымдастырушысы, жасырынып жүрген Шадрина деген азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz