Айыппұл төлеумен ауа тазара ма?

172
Шымкент цемент зауыты

«Шымкентцемент» АҚ-ның құбыры белгіленген нормадан жоғары түтін шығарып жатыр дейді экологтар. Шымкент цемент зауыты тағы да экологиялық заңдылықты бұзды. Бұндай тұжырымды Шу-Талас экология департаментінің мамандары мен мамандандырылған прокуратураның табиғатты қорғау прокуратурасы жария етті.

Тексеру нәтижесі көрсеткендей зауыт құбырынан шығатын лас ауа атмосфераға барынша кері әсерін тигізеді екен. Табиғатқа келтірілген зиян үшін 42 млн. 919 мың 574 теңге айыппұл салынған. Экологтардың дұрыстығын дәлелдеген барлық құжаттар жинақталып, сотқа да жолданыпты.

Алайда, зауыт басшылығы бұл шешіммен келіспей өздері қайта шағымданып, облыстық сотқа апеляция беріп отыр.