Аялдамадағылар жұмыстан кешігіп жатыр

250
Аялдамада сағаттап тұру әдетке айналды, неге?

Жүздеген Шымкенттіктер жұмысқа кешікті. Ең басты мәселе көлікшілер жанар жағармайдың тапшылығына сілтеп отыр. Оның үстіне көктайғақ та жұртшылықты әбігерге түсірді. Автобус жүргізушілері жанаржағармай құя алмаған,бекеттерде қысқы түгілі жазғы соляркада жоқ болып шықты.

Дархан Каипов, «ЮжАвтоТранс» автотасымал ассоциациясының төрағасы:
— Бұл жүргізушілерді жер ету. Бізде жанармай жоқ деген өтірік әңгіме. Жүргізуші жанармай бекеттерін аралап, бензин іздеу керек. Бұл жұмыс па?!

Қаһарлы қысқа Шымкенттік жолаушы тасымалдайтын автобустар дайын емес. Көк тайғақты дер кезінде еріту де мүмкін болмай отыр. Сапасыз жұмыстар мен жауапты орындардың жауапсыздыға үшіні қарапайым халық жапа шегуде.

Сықырлаған аязда автобустарды сағаттап күту қала тұрғындарының зығырданын шығарды. Алдымыз қыс, қаһарлы аяз бен ашулы борандар да болады. Сонда не істейміз? «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресін » дегендей, жұмысқа кешігу мен аялдамада сағаттап тұратын күндеріміз әлі алда сияқты?!