Өзге өңірлерге қарағанда имандылығы басым Оңтүстікте өткен жылы бірде-бір педофилия оқиғасы тіркелмеген болса, биылғы жылдың 9 айының өзінде 8 оқиға өтіпті. Түркістанда 10-ға тарта осындай факт тіркеліп, тергеу ісіне өткен. Қазығұрт жерінде өрімдей жас қызға өзінің туған әкесі «қырындаған». Ал, елдің солтүстік өңірінде тіпті бір сыныптың балалары бірін-бірімен жыныстық қатынасқа түскенін естіген халық әлі есін жиып та үлгерген жоқ.
Дінмұхаммед ҚЫЛЫШБАЕВ, ОҚО «Тәуелсіз заңгерлер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
— Біздің елде µлім жазасына мораторий жарияланған. Алайда, сол заңға қосымша ерекше жағдайларда «кісі өлтіру» үкіміне кесуге болады делінген. Менің ойымша, педофилия ерекше жағдай. Мұндай азғындарды азайтудың өзге жолын ұсыну педофилдерге деген жұмсақтық, зорланған балалардың құқыѓын қорғай алмау дер едім. Педофилдерге ең қатаң жазаны қолдану қажет.
Оңтүстікте зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларды оңалту орталығы жұмыс жасайды. Дегенмен, мұндай сұмдықты көрген баланың психикасы қайтадан қалпына келе қояр ма екен? Психиатр мамандар бір жылға дейін баланы дәрі салып та, ал ең бастысы психолгтардың көмегімен емдейтінін айтады. Бірақ зорлық көрген баланың толықтай сауығып кететініне өздері де кепілдік бере алмайды.
Мұндай айуандыққа барғандарға әлемнің бірқатар елдерінде «химиялық піштіру» әдісі қолданылады. Біздің елде де педофилдерге қатысты осы әдісті қолдану туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Кейбір азаматтар «химия арқылы піштіру» бізге қол емес дейді. Себебі, біріншіден,ол өте қымбат. Оларға қажетті химиялық дәрі-дәрмектер бюджет қаражатынан алынатыны белгілі. Екіншіден, мұндай әдіс қолданылған «еркек» бірден бостандыққа шығарылады. Мәселенің барлығы сонда болып тұр ғой. Педофилдікке барғанды сау деп айтуға келмейді. Ал, психикасы уланған ол, өзінің піштірілуінен кейін бүкіл әлемге ызаланып,мүлдем азғындап, балаларға да, қоғамның өзге де мүшелеріне өзгеше қастандық жасамауына, одан да бетер айуандық жасамауына кім кепіл?
Ғалия ЖҮСІПБЕКОВА, облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің бастығы:
— Балаға қатысты қылмыс-бұл әлемдегі ең ауыр қылмыс. Ал оларды зорлайтындардың дәрежесі жануарлардан төмен дегім келеді. Сондықтан ең ауыр жазаға тартылсын деген ±сынысќа қосыламын.
Облыстық «Тәуелсіз Заңгерлер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дінмұхаммед Қылышбаев мұндай жандарға мүлдем аяушылық жасауға болмайды,дейді. Қазақстанның өлім жазасына мораторий жариялағаны белгілі. Алайда, «ерекше жағдайларда» бұл ең қатаң жазаны қолдануға болады. Баланы зорлаудан асқан қылмыс жоқ деген тәуелсіз заңгер педофилияны ерекше жағдайға жатқызады. Оның ұсынысы бойынша Оңтүстіктің бірқатар мемлекеттік мекемелері мен қоғамдық бірлестіктері педофилдерге қатысты заңды қатаңдату ұсынысын қоштады. Педофилдерге аяушылық болмасын деген ұсыныс Ел Үкіметі мен Парламентінің талқылауына жіберілді. Бұл заң қабылданар болса, тасада тығылып бала аңдитын азғындар анағұрлым азаяры анық.