Бітік астықтың азық-түлік бағасына әсері қандай?

259
Ұнның бағасы едәуір түскен
Ұнның бағасы едәуір түскен

Қазақстанда 30 млн.-ға жуық тонна астық бастырылды. Биылғы жылғыдай бітік егін 60 жылдан астам уақыттан бері болмаған. «Қазагромаркетинг»АҚ ОҚО филиалындағылар бұл жағдай бидай, ұн мен ұн өнімдерінің бағасына тиімді әсерін тигізді,-дейді.

«Қазагромаркетинг» АҚ ОҚО филиалының маркетологы Нұрлан Есіркепов: «Дәлірек айтсақ, 1 сорт ұннің келісі 56 теңгеден 45 теңгеге дейін арзандаған. 50 келілік бірінші сұрыптағы бір қап ұн 2200 теңге».

Сатушылар да күнделікті тұтынатын азық-түлікке баға айтарлықтай көтеріле қойған жоқ дейді. Бірақ көтерме және бөлшек саудада бағаның айырмашылығы бар екендігін жасырмады. Мәселен, шекердің бағасы бөлшек саудада 150 -160 теңге төңірегінде болса, көтерме сауда орындарында 138-140 теңге.

 Ұлбике Балтыбаева, сатушы: «Күнделікті  тұтынатын күріш, құмшекер, өсімдік майына сұраныс жоғары. Олардың бағасы сапасы қарай сан алуан.  240 теңгеден де 380 ненен де қарақұмық бар. Қаппен алған тиімді.

Еттің бағасы соңғы екі айда тұрақты. Жылқының бағасы 1100-1400 теңге аралығында болса, сиыр еті 1100-1200 теңге төңірегінде. Қойдың бағасы 800-950 теңге шамасында.

Сайфулла КҮЛТОРАЕВ, кәсіпкер: «Ұнтақталған күріштің келісін 20 теңгеден, бидайдың келісін 28 теңгеден сатып алдық. Қой етінің келісі 00 теңге, жас мал болса, 950-1000 теңгеден түсуде.

Жемнің бағасы біршама арзандағанымен ет пен ет өнімдерінің бағасы өзгеріссіз.

 Маргарита ВАСИЛЬЕВА, қала тұрғыны: «Жасымыз келген соң асқа етті аз пайдаланамыз,көкөніс пен жеміс-жидекке бағалар түссе жақсы болатын еді. Әйтеуір,бағалар жаңа жылдың алдында шарықтап кетпесе болғаны.Амал нешік, барлығына төзіп келеміз ғой.

Ия, астық мол, жем жетерлік. Осыған байланысты нан мен еттің бағасы арзандауы тиіс. Алайда соңғы жылдары байқағанымыз бағаны реттеуде билік қауқарсыздық танытуда дейді тұрғындар.