«Екі жұлдыз» байқауы Шымкентте өтті

Ұстаз сыган қызына да айналды, бірақ өз рөльдерін ойдағыдай ойнап шықты

Сабақты бір сәт қоя тұрып, қаламның орнына микрафон ұстаған студенттер. Лекцияны үзе тұрып, студенттердің алдына емес, сахнаға шыққан оқытушылар. Қаламызда  Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай шәкірттер мен оқытушылар жұптасқан «Екі жұлдыз» байқауы өтті.

Байқауды алғашқы болып бастаған жұп  «Сәлем саған, туған ел» атты патриоттық әнін торқалы тойдың құрметіне орай таңдаса, енді бірі романтикалық туындыны таңдапты. Жастар жағы көбіне рэп стиліне баса назар аударыпты.

Асқан дайындықпен басталған өнер жарысында қатысушылар сахнаға шықпас бұрын шайханада аздап әңгіме-дүкен құрып алды. Олардың үстіндегі сәнді костюмдер мен аса талғампаздықпен таңдалған әсем әндер, түрлі-түсті жарықтармен көмкерілген сахна. Мұның барлығы кештің ерекше әсерде өтуіне септігін тигізді.

Ұстаз бен студент арасында серіктестік байланысты нығайтып, оқытушылардың да таланттыларға қолдау көрсетуді көздеген сайыстың мақсаты да биік. Байқауға  6 кафедрадан 6 жұп қатысты.

Бесінші болып өнер көрсеткен Ұлбосын Есдаулетова мен 2-курстың студенті Саят Отызбаев «Когда забудешь ты меня» атты лирикалық әнді таңдапты.

Ән таңдауға келгенде екі түрлі пікірдің де болғаны анық. Алайда жұп мүшелері бір ауыздан келісіп, романтикаға толы дүниені орындап шықты. Олар бір-бірін таңдауда да қателеспегенін айтады.

Алайда қатысушылардың өнерін тек қазылар алқасы ғана емес, залда отырған бүкіл көрермендер де бағалады. Олар әр жұпқа берілген нөмір бойынша хабарлама жіберіп, таңдауын жасады. Осылайша әдемі кештің куәсі болғандар тек үздікті ғана емес, ең талантты ұстаз бен студентті анықтады.