Демалыс күндері сөндірілген электр жарығы шымкенттіктерді әбігерге салды. Пәтерлерінде бүрсең қаққан тұрғындар қабат-қабат киім киіп, газ плиталарын қосып күн кешуде.
26-27 қараша күндері қалалық диспетчерлік қызметінде болған арнамыздың түсіру тобы тоңған азаматтардың үзіліссіз қоңырауларына куә болды. Айбергенов 5″6″, Темірлан тас жолындағы 40 үй, Теріскейдегі 59 үй мен Жангелдин көшесіндегің 16 «б» үйдің тұрғындары тоңып отырғандықтарын айтып, арызданды.
Сайрам шағынауданындағы 18 үйдің тұрғындары «3-Энергоорталық» АҚ — неліктен тұтынушылар алдындағы міндеттерін орындамайды, Оларды жауапқа тартатын билік қайда деп ашынуда. Тұрғындармен жүздескенімізде, олар облыс әкімі Шымкенттегі жағдайдан хабардар ма ?- деген сауалдарын қоюда.