Еліміздің демографиялық ахуалының жақсаруына оңтүстіктің қосқан үлесі мол

231

Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбаев көпбалалы аналарды қабылдады. 7 және одан да көп бала тәрбиелеген ақ жаулықты аналарға қала басшысы Елбасының №167 Жарлығы бойынша «Алтын алқа» белгілерін табыс етті.

Мемлекеттік наградамен бірге оларға егеменді еліміздің өсіп-өркендеуі жолында демографиялық ахуалдың жақсаруына үлес қосқан үшін алғыс хаттар да тапсырылды.

Қала көлемінде «Алтын алқа» алқасын 2127 ана тақса, «Күміс алқа» белгісіне 2644 ақ жаулықты ана ие болды.

Марапатталғандар: Құрбанкүл Ақылбекова, Назира Баразрбаева, Полат Әбсатқызы, Нағима Иманбердиева, Ақмарал Наурызбаева, Сайрагүл Чилпакбаева, Насима Шамомад.