Қызылорданың ақмаржан күрішімен бүкіл той-томалағын өткізіп келген оңтүстікқазақстандықтар енді, шағалалы ауданның күрішін қолданбақ.
Шардарада инновациялық жоба бойынша салынған алғашқы күріш зауыты іске қосылды. Қыркүйек айынан бастап күріш және күріш қалдықтарын өңдеу өндірісін қолға алынғаннан бері зауыт қазірдің өзінде ауданның бюджетіне қомақты қаржы құйып үлгерді. Өндірістік әлеуеті оқтын-оқтын көтеріліп келе жатқан нысанның алдағы уақытқа да жоспары орасан.
Күзден бастап іске қосылған күріш зауытына 62 миллион теңге құйылған. Қырық адамды жұмыспен қамтыған зауыт тәулігіне 60 тонна таза күрі