Арыс қаласының тумасы жас әнші Еркін Арыстың экраннан көрінбей қалғанына біраз уақыт болды. Мен бұл уақыт аралығында шығармашылық ізденісте болдым. Ел ордамыз Астана қаласында жұмыстар жасап өнерімнің шындалуына атсалыстым дейді әнші.
Еркін алғаш рет тындарман қауымға «Әлия» атты әнімен танылған болатын. Міне содан бастап әншінің репертуары бірнеше әнмен және бірнеше бейне клиптермен толықты. Ең бастысы әнші жаңа жылдан кейін жеке шығармашылық кешіне өткізуге атсалыспақ.
Жақында Еркіннің орындауында «Ғажайып елес» деп аталатын жаңа бейне клипін жарыққа шығарды. Бұл әнді маған досым сыйлады. Бір тындағаннан бұл туынды менің көңілімнен шықты дейді ол. Ендігі бағасын көрермен береді. Бейне туынды Өзбеістан елінің Бұхара қаласында түсіріліпті.
Еркіннің тындарман қауымға жеткізер жаңалығы оның жақын күндері үн таспасы жарыққа шықпақ. Енді мен шығармашылығымды үзбей қарқынды түрде өнерімнің шындалуына атсалысамын дейді Еркін Арыс