Жаңалықтар 

Кітаптардың орнын электронды басылымдар басады

«Кітап және отбасы» атты 4 ші аймақтық форум аясында отбасы өміріндегі кітаптың рөлі атты ғылыми практикалық конференция өтті. Мақсат — кітаптың отбасыдағы мәртебесін көтеру.

Ғаламтор демекші, арнайы шақырылған қонақ дәл осы электронды кітап жұмысымен таныстырды. Мәскеулік профессордың айтуынша, қазіргі кітаптар енді тарихта қалған папирустай мұражайдан ғана орын алады дейді. Бүгіннің өзінде АҚШ та сатылым жағынан электронды кітаптар кәдуілгі басылымдарды басып озған. Мұндай өзгеріс ресей елінде де байқалыпты. Кітапхана маманының айтуынша Қазақстанда электронды кітаптардың қолданыс аясы 2012 жылы кеңеймек.

Вадим Степанов, Мәскеулік профессор: Кітапханашы жәй ғана кітап таратып қана қоймайды.Оның ролі енді өзгереді. Болашақтың кітапханашысы инелектуалды жұмыс істейді, яғни, аналитик болады. Оқырманға электронды басылымдардың қайсысы жақсы соны саралап, таңдауына көмектеседі. Осыған байланысты заңда да өзгерістер енгізілуі тиіс.

Алайда, электронды кітап жүйесінің ауылы алыс деп санайтындар да жетерлік. Отырар ауданынан келген тәжірибелі кітапхана меңгерушісі Айна Рыскелді электронды жүйе туралы жаңалықтың енгізілуі жақсы дейді. Бірақ, ауылдарда компьютерлері де жоқ кітапханалардың бары жасырын емес. Бұл заман талабын тежеуі мүмкін дейді маман.

Мұнымен қатар, аймақтық форумда оқисың сен, оқимын мен, оқимыз барлық әулетпен деген 2011-2015 жылдарға арналған бағдарлама да талқыланды. Отбасылық оқу дәстүрін қайта жаңғырту мақсатында ұсыныстар айтылды. Кітапханашылар балаларға арналған басылымдардың аздығы және кітаптарды сатып алуға бөлінетіне қаржының мардымсыз екені де сөз болды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz