Жаңалықтар 

Кондоминимум үй жалпы мүлікке ие емес

Шымкент қаласында Ш.Қалдаяқов көшесіндегі №7 үй-кондоминимум иесі. Мәртебе бар, алайда іс жүзінде иелік жоқ. Күрделі жөндеуді көрмеген үй мен коммуникациялар тозығы жеткен. Электр тоғының күші 220 вольтке жетпегендіктен, тұрғындар тұрмыстық техникаларын пайдалана алмай, әбігер.

Кондоминимум иесі ретінде №7-ші үйдің тұрғындары өз жер төлесіне де иелік ете алмай отыр. Өйткені бірінші қабаттағы коммерциялық нысандар оған қожалық етуде.

Абай аудандық әкімдігінің бөлім бастығы Нұрлан Тілеш: «№7 үйдің жер төлесі жақсы жағдайда, оны балалар клубы ретінде де пайдалануға болады. Бұл мәселені сот арқылы шешуге көмектесеміз,-дейді».

Мардымсыз электр жарығына қатысты энергетиктер, комиссия құрып, үйді электр жарығымен қамту жүйесіне сараптама жүргізетін болды.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz