Мұнай өңдеу зауыты жұмысын бірнеше сағатқа тоқтатты

296
сурет Отырар телеарнасының мұрағатынан алынды
сурет "Отырар" телеарнасының мұрағатынан алынды

Жарықтың апаттық себептерге байланысты өшуі бүкіл қаланы дүрліктіргені рас. Салдарынан зауыттың («ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС ) барлық техникасы істен шығып, тоқтап қалған. Тек электр энергиясы қайта қосылғанда ғана өндіріс орнының жүрек тамырлары саналатын бағдарлаушы күштері, техникалық құралдары іске қосылып, бүгін әрең дегенде мұнай өндірісімен айналысатын және оның өнімдерін шығаратын зауыт өз қалпына келді.

Соңғы күндері зауыт ішіндегі ауа қысымы нөлден төмен болып, 3 градустан 8,5 градус аралығында суып кеткен. Бұл өз кезегінде жоғары сапалы мұнай өнімдерін жасауға кедергісін туғызады. Яғни, 12-15С градус жылулықтан бастап дайындалатын жоғары сапалы нефть өнімдері мұндай жағдайда қандай күйде болғаны айтпай-ақ белгілі.

Зауыт өз жұмысын тоқтатпауға барынша тырысып бағуда. Дегенмен бір-бірімен тығыз байланыстағы 5 цехтың бірде бірі жұмыс істемей тұр. Зауыттың қайта қалпына келуі тек ертең ғана шешілмек. Қалған техникалы бүгін іске қосылуға дайындалып жатыр.