//
Жаңалықтар 

Мектепте оқушылар тоңып отыр

№54 мектепте сабақ өту денсаулыққа қауіпті. 10 «В» сыныбындағы 25 оқушының тек 6-ы ғана өзін-өзі тану сабағына қатысуда. Қалғандары ауырып қалған.

Кабинеттегі температура көрсеткіші 0-ге жақын, сондықтан оқушылар бас және сырт киіммен отыруға мәжбүр. Оларды әзірге жылытып түрған жылытқыштар.

«Барлық жерлерге жылу қараша айының басында берілуде. Ал бізге ол әлі жетпей жатыр. Сондықтан суық сыныптарды сабақ өтуге тура келеді. А л балалар қалпақ пен кұртешемен отырады сыныпта»,-  деп шағымдануда ұстаздар.

 Мектептің әлі күнге дейін неге жылудан қағылып, сыныптардың суық екенін тіпті білім ордасының директоры да түсіндіре алмады. Оны бөлмесінен таба алмадық. Ал орынбасарлар мен меңгерушілер түсіру тобын көрісімен, жасырынуға тырысты. Есесіне қалалық білім бөлімінен жағдайға қатысты жауап алдық. Мектепті жағып жылытатын маусымда дайындау басталып кетіпті. Көмір де сатып алынған. Ол мектеп шатырының астында жатыр. Алайда суық қарсаңында жаңа жылыту қазандығын орнатып үлгермеген. Қазір оның жұмыстары жүргізілуде.

Қыс басталмай жатып, оның ызғарына тап болған №54 мектептегі жағдай бір аптадан соң аяқталады деп сенейік. Өйткені құрылысшыларға жылыту қазандығын орнату үшін осыншама уақыт керек

Тағы да оқитындарыңыз

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz