Мемлекеттік тілді ұлықтаймыз (PR)

224

Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық колледжінде 9 сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен Олимпиада өткізілді. Жыл сайын ұйымдастырылатын білім сайысына аталған оқу орны биыл өзгеше дайындалыпты. Бұрындары тек мектептің 9-шы сыныптары ғана қатысатын Олимпиадаға биыл колледж студенттері де қатыстырылды.

ОҚПК қазақ тілі пәні бойынша 9-шы сынып оқушылары арасындағы қалалық олимпиадасын жыл сайын тұрақты түрде өткізеді. Бірақ биылғы жаңалық мемлекеттік тілдің мәйегін жаруға колледж студенттері де тартылып отыр. Мақсат-қазақ тілінің қолданысын арттырып, қадірін түсіндіру. Облыс орталығындағы №46 орта мектептің 9-шы сынып оқушысы Гүлжанар Бибатыр да білім сайысында бақ сынауда. Қазақ тілінің құндылығын,тіл білімінің қатпарларын тануға жаны құмар жас өреннің бүгінгі мақсаты бәйгеде оза шауып, колледжде оқуға мүмкіндік беретін білім грантын жеңіп алу.

ОҚПК келешекте білім беру жүйесін тек мемлекеттік тілде жүргізбек. Бүгінгі іс-шара сол бағыттағы қадамдардың бірі. Мемлеттік тілді меңгеру мәртебем деп түсінген, қазақ тілінің қадірін ұғынатын болашақ студенттерді оқу орнына қабылдау колледждің негізгі мақсаты.