Сайрам ауданында оқушылар арасында тағы да жанжал шықты. Мектеп оқушыларының өзара кикілжіңі атысқа ұласқан. Нәтижесінде 11 сыныпта оқитын бірнеше оқушы жарақат алып, ауруханаға түсті. Ең қызығы атыс-шабыс аудандық білім бөлімі ғимаратының дәл түбінде болған. Бірақ мектеп басшылығы да білім бөліміндегілер де орнында болмай шықты.
Сенбі күні Сайрам ауданына қарасты Қарасу елді-мекеніндегі мектептің жоғары сыныбында оқитын 5 оқушысы Сейфуллин атындағы мектеп оқушыларына қонаққа барыпты. Алайда, қонақтарына қырын қараған мектеп оқушылары, оларды ұрып-соғып, тіпті қашып бара жатқан оларға қарумен де оқ боратыпты. Нәтижесінде 5 баланың 4-іне оқ тиіп жарақат алған.
Жарақат алған 94 жылғы туылған 4 оқушыда ауруханаға өздері жетіпті. Дәрігерлер қазір зардап шеккендердің жағдайы бірқалыпты тұрақты деп бағалап отыр.
Анықталмаған мәлімет бойынша қару атқан оқушы мен жәбірленушілер бұрын бірге оқыған. Мәселені білу үшін мектептің өзіне бардық.
Оқушылардың біліміне жауапты мекемелер, есінен танып, есеңгіреп жүргенде, есесіне Ішкі істер департаментінің қызметкерлері кінәліні анықтап та үлгеріпті.
Айтпақшы, оқушылардың өзіне-өзі қол жұмсау жөнінен ел көлемінде алдыңғы орындардың біріндегі ауданда тағы да оқушылар тқбелес ұйымдастырып жатқан көрінеді. Тағы да сол аудандық білім бөлімінің ұасында .