Халық жаңалығы 

Облыс имамы: Құрбан айтта құрбандыққа адам емес мал шалынады…

Бүгін Құрбан айттың екінші күні. Кеше күллі мұсылман қауымы қасиетті мерекені қарсы алып,таң қылау бере Алла үйінде бас қосты. Орталық мешітке жиылған қауымның санында есеп болмады. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жаратушы алдында тізе бүгіп, жүзін құбылаға бұрып, айт намазын оқыды.

Бұл күні пендешілік сауабын арттыруға ниеттенгендер шама шарқы жеткенше құрбан шалып ғибатад құлшылығын еселеді. Исламда Құрбан айттың бірінші күні маңызды саналады. Себебі, ұлық мерекенің алғашқы күні айтқа лайықты амалдардың негізі орындалады.

Облыс имамы мешітке жиылған жамағатқа қасиетті мерекенің маңызын түсіндіріп, өсиетнамасын жеткізді. Соңғы кездері белең алған “бала бауыздалады” деген қауіпті қауесеттің де негізсіз екенін қадап айтты. Екі ракат намазын өтеп болған соң жамағат бір бірін бауырына басты. Жақсы ниетін білдіріп төс қағысты. Ізгі ілтипаттан Облыс басшысы Асқар Мырзахметов те шет қалмады. Жиылған жамағатқа елдің бірлігін тіледі.

Сөйтіп, таңда Тәңірден тыныштық тілегендер тату тарқасты. Араздасқандары қам көңілді жібіті. Достыққа даңғыл жол ашып ескіні қайта жаңғыртты.

Үш күн тойланатын мейрамда татулықты ту етеді мейірбан жұрт. Бір бірінің үйінен айттық жеп, бауырмалдылықты арттырады. Бір сөзбен айтқанда бұл жетімді жылатпайтын, жесірді құлатпайтын, әлсіздерге қол беріп сауапты еселейтін қасиетті мереке.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz