Шымкентте І-халықаралық медициналық конференция аяқталды. «Ана мен бала өмірін құтқаратын қол — емдеудің тиімді әдістері және көмек көрсетуге жүйелі көзқарас» деп аталды бұл жиын. Ғылыми-тәжірбиелік шара аясында Литвадан келген ақ халаттылар жергілікті дәрігерлермен өзара тәжірбие алмасудағы жетістіктерін жария етті.
Литваның ең білікті дәрігерлері арнайы жиын барысында облысымыздағы белең алған нәрсете денсаулығына қатысты мәселелері сөз болды. Дүниеге келер балаға алдын ала диагностика жүргізіп, дер кезінде ота жасау туралы тәжірбиелік мастер класстар бұрын да өткізілген-ді, бұл жолы да пысықталды.
Айту керек, жалпы соңғы жылдары облыстың ақ халаттылары шетелдерде жиі тәжірибеден өтіп, шеберліктерін арттыруда. Бүгінде акция барысында литвалықтар жаңа туылған сәбиге ұйымдасқан түрде дәрігерлік топтық күтім жасаудың үздік үлгісін көрсетті. Егер шақалақ жайсыз туылып, ахуалы абыржулы бола қалса бригадалық алғашқы көмек жоғарғы деңгейде қызмет көрсетуі керек. Осы секілді маңызды мәселелердің мән жайы-анықталды кездесуде.
Соңғы жылдары Литва, Польша, Израиль, Түркия, Ресей, Украина секілді мемлекеттердің танымал медициналық орталықтарында бізден біраз маман орасан оқытудан өтіп келді. Әсіресе, бала дәрігерлеріне соңғы жылдары көп көңіл бөлінуде. Облыста орасан еңбектің нәтижесінде бала өлімі 42, ал ана өлімі 18 пайызға төмендеген.
Балтық жағалауының бала жанашырлары екі күндік конференция аясында Қазақстан мен Литваның медициналық байланысының жаңа деңгейге көтеріліп, әріптестік қарым қатынастың артқанын айтты. Ауқымды конференция барысында шараға қатысқан дәрігерлерге халықаралық сертификаттар табысталды.