Жаңалықтар 

Сүгірбаев жылы орнын Жамашевқа берді

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің жауапты хатшысы С.Дембайдың бұйрығына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры болып Құттыбек Рахматуллаұлы Жамашев тағайындалды. Ал департаменттің бұрынғы басшысы Сұлтанбек Сүгірбаев басқа қызметке ауысуда.

Жамашев Құттыбек 1961 жылы Мақтарал ауданының Жетісай қаласында туған. Алматы қаласындағы Алматы архитектура құрылыс институтын бітірген соң жолдамамен еңбек жолын 1984 жылы Красноярск өлкесінің Шарыпов қаласындағы «Электр және коммуникациялар жүйелері» кәсіпорынында мастерлік қызметтен бастаған.  1986-2009 жылдар аралығында түрлі салаларда лауазымды қызметтерді атқарып келген Қ.Жамашев 2009 жылдан осы қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының құрылыс бөлімінің бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарған. Құрылыс саласында тындырымды тірліктер жасаған жаңа басшының 2010 жылы берілген «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» деген атағы да бар.

Облысымыздың сәулетіне өң беруге келген жаңа басшыдан қандай үміт күтесіз? Сәулет құрылысы саласында болып жатқан «бармақ басты, көз қыстының» жойылуы үшін жаңа басшы қызметінің «бісмілләсін» неден бастайды? Күнделікті өзіңіз куә болып жүрген әділетсіздіктер жайлы сайтымызға жазсаңыз болады.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz