Жаңалықтар 

Республикалық жұмысшы жастар форумы Шымкентте өтті

Жұмысшы жастар форумына 43 делегат арнайы шақырылған

«Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуындағы жастардың ролі». Қаламызда осындай тақырыпта жұмысшы жастардың республикалық форумы өтті. Мақсаты Еліміздегі үдемелі индустриялы инновациялық бағдарлама аясында ашылған кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшы жас мамандардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыру. Бұл жиынға республикамыздың барлық облысынан 43 делегат шақырылыпты.

Жалпы, «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағадарламасы аясында биыл Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 11 млрд. теңгеден астам 30 жоба іске асып отыр. Соның нәтижесінде 1 мың 320 жұмыс орны ашылды. Алдағы жылдары іске қосылатын өнеркәсіп орындарының саны мұнан да асып түспек. Осыған орай қазір өңірде техникалық мамандарға болған сұраныс күн санап артып келеді

Аталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда соңғы жылдары техникалық мамандыққа сұраныс артқан. Жиынды ОҚМУ нің қабырғасында өткізуі де тегін емес. Оқу ордасының студенттері-3-4 курста кәсіпорындарда тәжірибеден өтеді. Одан әрі үздік бітірушілермен келісім шарт түзіліп, жұмысқа алынады.

Жиында жергілікті атқарушы билік органдарының жастарды бағдарлама аясында жұмыспен қамту, сондай-ақ аталған процестердегі «Нұр Отан» партиясының алатын орны мен бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау мәселелері талқыланды.

«Бұл тұрғыдан алғанда бұл жолғы басқосу жұмыссыз жүрген жастарды өндіріске тартуға жол ашады», — дейді форумды ұйымдастырушылар. Жиналған жастар өңірдегі жаңадан ашылған кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Онда жұмыс істеп жатқан замандастарымен пікірлесті.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz