Шалғайдағы ауылдарды ауыз сумен қамтамассыз етуде күрделіктер жетерлік. Сондықтан да, мұндай елдімекендерде адамдар тұрмысқа қажетті суды құдықтан алады. Мәселен, мал және құс шаруашылығымен айналысатын шардаралық кәсіпкерлер суды ұңғыма арқылы алады.
Сайрам ауданындағы «ЮКМЗ» АҚ-ның маманы Юлчибай Артықов: «Зауыттың тауарларына тапсырыс тек облыстағы аудандардан ғана емес, өзге де аймақтардан түсуде. Ең бастысы, Ақсукентте жасап шығарылатын ұңғымалар мен су тартқыштарды пайдалану әдісі өте қарапайым және бағасы да қол жетімді. Өйткені, оған қажетті құрылғылар отандық материалдардан жиналады».
Мұндай ұңғымалардың жабдықтарын Сайрам ауданындағы «ЮКМЗ» АҚ шығарады. Оны құрастыратын мамандардың асығы алшысынан түсіп, қазір насос құрылғылары нарықта жоғары сұранысқа ие.