Шымкентте қалың қар жауады

656

Оңтүстікте синоптиктердің болжауынша қар түсіп, жел күшейеді. Таяу күндері Шымкентте жаңбыр соңы қарға ұласады деп күтілуде. Облыстық гидрометеорологиялық Орталықтың хабарлауынша, бір-екі күнде күн суытып, жел күшейе түседі.

ОҚО кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдыққа дейін жетеді. Әсіресе, таулы аймақтарда күн суытады. Күндіз -2, түнде -10 дейін жетеді деп күтілуде. Қалың қар жаууы ықтимал.

Шымкенттіктер үшін де суық күндер басталды. Синоптиктер облыс орталығының тұрғындарына ауа температурасы бар болғаны +1, +6 градус жылы болады деп уәде етуде. Түнде -4.