Қаламыздағы «Нұрсәт» мөлтек ауданын орналасқан №4-ші облыстық перенаталдық орталықта, өткен аймен салыстырғанда бала туу көрсеткіші өскен. Бұл қуантарлық жағдай дейді мұндағы акушер гинекологтар. Алайда, бала өлімі әліде азаймай отырған көрінеді.
Мамаюсупова Махбуба Мамаюсуповна, жоғары санаттағы дәрігер: «Болашақ аналарға айтарым, бала көтерер алдын, жақсылап емделіп алса. Өйткені созылмалы аурулар баланың іште өсіп жетілуіне кері әсерін тигізеді. Нәтижесінде туа біткен ақауы бар нәресте дүниеге келеді. Кейде қолымыздан келгенше ем-дом жасағанмен жаңадан дүние есігін ашқан сәбилер шетінеп кетіп жатады.
Жалпы соңғы 7-ай көлемінде бұл орталықта 3946 әйел босанған, ал 43 нәресте шетінеген. Оның 27-нәрестеаулығы мықты емес. Жалпы 5300 әйел емделіп шыққан.
Еске сала кетейік, аталған №4 перенаталдық орталық 2011 жылдың наурыз айында ашылған болатын.